Ағымдағы оқу жылында білімгерлер онлайн және офлайн форматта оқиды

0 2

2020-2021 оқу жылының күзгі семестрі қашықтан оқыту жүйесі бойынша басталады. Студенттер онлайн және офлайн форматта оқитын болады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ол үшін университетте заманауи Платонус және Сириус платформалары, жоғары жылдамдықты Wi-Fi және қуатты сервері бар.

— Білім және ғылым министрлігіннің әдістемелік ұсыныстарына сәйкес, кейбір білім беру бағдарламалары үшін, атап айтқанда өнер бағыттары бойынша жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, көлік қызметтері бойынша білім алатын студенттер қараша айының басында университет кампусында оқиды. Рұқсат етілген адам санын сақтай отырып дәстүрлі зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерді жалғастыру үшін магистратура мен докторантурада білім алушылар да ЖОО зертханаларына барады, — дейді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте.

Барлық сабақтардың нақты форматтары мен өткізу күндері нақтыланып, оқытушылар силлабустарға енгізген. Барлық пәндер бойынша контенттер, соның ішінде бейне-дәрістер, өз бетінше оқуға арналған тапсырмалар мен материалдар ЖОО-ның ресми ақпараттық-оқыту платформасына орналастырылған.

— Бірінші курс студенттері қажетті ақпараттарды, іс-шаралар жоспарын уақытылы алады. Олар, университет ректорының Мұхаммед Хайдар Дулатидің шығармашылық мұрасымен танысуға арналған дәрістері. Біздің ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру. Университеттің бай тарихы, оның материалдық-техникалық базасы, ғылыми зерттеулері мен әлеуметтік жобалары. Алғашқы аптада декандарыңыз бен кейбір құрылымдық бөлімшелердің бастықтары Академиялық адалдық мәселелерін қамтитын бірқатар сабақтар өткізеді, платформадағы жұмыстармен таныстырады. Кітапхана, кафедралар және ғылыми зертханалар бойынша виртуалды турлар өткізіледі. Дәстүрлі түрде біз бірінші курс студенттерінің тілдік дайындық деңгейін онлайн сауалнама форматында тексерілінеді. Алғашқы апта онлайн режимінде өтеді. Университет сайтының басты бетінде сіз барлық ақпаратты «бірінші курс студенттеріне арналған бағдарлау аптасы» бөлімінен таба аласыз: іс-шаралар кестесі, кестеде әр оқиғаның платформалары көрсетілген. Біз жалпыға қол жетімді және жиі қолданылатын ZOOM жәнеwebex, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер қолдануды жоспарлап отырмыз. Яғни, Инстаграм, Фейсбук арналары, — дейді М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков.

Сонымен қатар, ЖОО-ның корпусына кіру және сабаққа қатысу үшін шектеулер әлі де жалғасуда. Санитарлық-эпидемиологиялық регламентті қатаң сақтаған жағдайда ғана оқу корпустарына кіруге болады. Университет бірінші курс студенттеріне телефон және Корпус картасы бар материалдардың қысқаша анықтамалығын әзірледі. «Анықтамалық жолсілтемені» студенттің веб-сайтынан және порталдан табуға болады және интернет арқылы сабаққа қатысуға мүмкіндігі жоқ студенттерге көмек көрсетеді. Жатақханадан орын беріп, қажетті техниканы ұсынады. Ол үшін студент алдын ала өтініш беруі керек.

Барлық ақпаратты университеттің ресми сайтынан алуға болады. Оқу орнының Call-орталығы, виртуалды кеңсе және HelpDesk студенттерді мазалаған сұрақтарға нақты жауап беруге дайын. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.