Сәкен Арубаев мектептердің қысқа дайындық барысын тексерді

0 15

Елді мекен тұрғындарының сауал, тілектерін назарға алу мақсатында ұйымдастырылған көшпелі қоғамдық қабылдау кезінде Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев жергілікті білім ордаларының қысқы маусымға дайындығын тексерді, деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Алдымен 1989 жылы қолданысқа берілген Ерназар ауылы Б.Кейкиев атындағы орта мектептің пән кабинеттері мен спорт залын аралаған аудан басшысы қыстық көмірдің қоймада сақталуын, дәстүрлі түрде білім алып жатқан оқушылардың денсаулығы мен санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауын жіті бақылауға алу керектігін алға тартты.

 

Мұнан соң Өрнек ауылы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің жай-күйін көрді. Мектеп директоры Рина Жұмаділованың айтуынша, 1967 жылы қолданысқа берілген нысан 620 оқушыны қамти алады. Сәкен Қаланұлы кабинеттердегі ескі орындықтар мен тақталарды жаңарту керектігін айтып, тиісті бөлімдерге тапсырмалар жүктеді.

Тастөбе ауылында болған аудан әкімі 1971 жылы салынған 80 орындықты ауылдық клубтың жарық шамдары талапқа сай емес екенін, орындықтарды ауыстыру, заманауи технологиялармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізіуді қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ, кемшіліктер анықталмас үшін дайындық жұмыстарын тағы бір пысақтауды тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.