Тұрар Рысқұлов ауданында дамудың оң динамикасы сақталуда

0 12

Бүгін Жамбыл облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасқанын айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі. 

9 ай ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11 308,5 млн. теңгені (2019 жылы – 6707,6 млн. теңге )құрап, нақты көлем индексі 100,9 %-ға орындалды.

Ал, ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 27 399,4 млн. теңгені (2019 жыл – 22818,5 млн. теңге) құрап, нақты көлем индексі 104,5 %-ға орындалды.

Спикердің айтуынша, ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 7464,0 млн. теңгені (2019 жыл – 6234,8 млн.тг.)құрап, нақты көлем индексі 103,1 %—ға орындалды. Ал, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 8547,0 мың ш.м. (2019 жылы – 7991,0 мың ш.м.) құрап, нақты көлем индексі 107,0 %-ға орындалған.

— Бөлшек тауар айналымының көлемі 2632,7 млн. теңгені (2019 жылы – 2745,5 млн. теңге)құрап, нақты көлем индексі 90,0 %-ды құрады. Жыл қорытындысымен толық орындау жоспарланып отыр. Қаржыны игеру жоспары 14,9 млрд. теңгені құраса, кассалық атқарылуы 14,9 млрд. теңгені құрап, бюджет қаражаттары 100 пайызға игерілді. Жалпы 9 айдың қорытындысы бойынша облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы бекітілген 30 түйінді нысаналы индикаторлық көрсеткіштердің барлығы орындалды, — деп атап өтті спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.