Мойынқұм ауданының кіре берісінде стелла бой көтерді

0 11

Мойынқұм ауылының кіре берісіне аудан паспорты бар стелланың ашылу салтанаты болып, қолданысқа берілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған игі істердің бірі әр аудан орталығына кіре беріс жолдың бойына сол ауданның қысқаша мәліметі жазылған стелла орнату тапсырмасын берген болатын.

Осыған орай стелланы ашу үшін аудан әкімі Мәден Мұсаев құттықтап, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сатыбалдиевпен бірге стелланың лентасын қиды.

Сондай-ақ, стелламен бірге кіре берісте Мойынқұм ауылының атауы жазылған арка да жөндеуден өткізіліп, жаңартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.