Жуалылық боксшы Токио олимпиадасына қатысады

0
142
фото: Юри Ким

Жамбыл облысы Жуалы ауданының тумасы, №12 балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Әбілхан Аманқұл Токио олимпиадасына қатысады. Бүгінде аталған спорт мектебінде 172 спортшы жаттығуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында айтылды, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

БАҚ өкілдерінің басын қосқан баспасөз турының алғашқы нысаны № 12 балалар, жасөспірімдер спорт мектебі болды. 2015 жылы пайдалануға берілген кешенде қазір спорттың 7 түрінен 172 спортшы жаттығуда.

— Жуалы жері батырлар мен спорт саңлақтарынан кенде емес. Солардың бірі Әбілхан Аманқұл . Токиода өтетін олимпиадада бокстан 75 келі салмақта сынға түседі. Кешегі Бақтияр Артаевтың ізбасары,-деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов.

суреттер: Юри Ким

10 айдың қорытындысы бойынша Жуалы ауданында 16 963 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл тұрғындардың 32 пайызы. Биыл мұнда 12 спорт нысаны ашылған. Мектептерде 7 спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here