Сарысуда жұмыссыздар саны азаюда

0 8

Бүгін 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай, мерекелік іс-шара жоспарына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Жәрмеңкенің мақсаты Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасау, аудан көлемінде жұмыссыздық деңгейін төмендету. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасуға көмектесу болып отыр.  Атап айтқанда, бірінші бағыт: бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Бүгінгі жәрмеңкеде 16 жұмыс берушілер 49 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қайырылған азаматтарға «Еңбек» бағдарламасы аясында жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқыту, мемлекеттік грант, шағын несие алу бойынша халыққа кеңес берілді.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан нысандардың жөндеу жұмыстарына және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдама берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.