Мирный ауылында кіші футбол алаңшасы ашылды

0 0

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Мойынқұм ауданы Мирный ауылында жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшасы ауыл тұрғындарына қолданысқа берілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ашылу салтанатына аудан әкімдігі спорт бөлімінің басшысы М.Қалдыбеков, ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы С.Иманбеков, Терешкова атындағы орта мектебінің директоры А.Салибековтар қатысып, ауыл тұрғындарын ұлттық мерекмен құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекетіміздің бұқаралық спортқа мойын бұрып, осындай спорт алаңшалары барлық ауылдарда салынғанын себебі ауыл жастарына спортпен тұрақты айналысу қажеттігін, кәзіргі індет кезінде жиі қозғалыста болу қажет екендігін де атап өтті.

-Биыл ауданымызда бірнеше осындай спорт алаңшасы ашылды.Бұл жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстануына өз ықпалын тигізуде. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай қуанышқа кенеліп жатырмыз, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деді Мирный ауылының тұрғыны, Ақберді ақсақал.

Шара санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.