Мойынқұм ауданында биыл 300-ден аса адам кәсіпкерлік негіздерін оқыған

0 0

Мойынқұм ауданында кәсіпкерлікпен айналысуға ниет етушілердің қатары артып келеді. Жыл басында кәсіпкерлік негіздері бойнша 129 азаматты оқыту жоспарланса, 318 азаматқа жолдама берілген, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда жолдама берілген азаматтардың 200-і оқуды аяқтаған. Бүгінгі күнге мал шаруашылық кәсібін кеңейтемін деген 26 азаматқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жолдама берілген. Соның ішінде 26 азаматқа 94,0 млн теңге көлемінде несие берілген.

Қайтарымсыз грант бойынша 141 адамға 78,1 млн.теңге жоспарланса, олардың бәріне қаражаттары аударылып кәсіптерін ашуға қолдау көрсетілген.

Шағын несие, қайтарымсыз грант алған азаматтар 170 жаңа жұмыс орнын ашқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.