«Ауылдан ауылға» акциясы жалғасуда

0 0

«Қуан» шаруа қожалығында «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Түркістан облысының фермерлерімен және өңір тұрғындарымен кездесу өткізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Қарлығаш Аралбекова мен Болатбек Қыстауов жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарын айтты.

— Бұл заң жобасының мақсаты үш маңызды критерийдің – тамақ өнімдерінің физикалық, экономикалық қолжетімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігінің орындалуын қамтамасыз ету. Яғни, қажетті өнім күніне 24 сағат және кез-келген жерде қол жетімді болуы керек. Ал олардың бағасы орташа сатып алушы үшін қолайлы болғаны жөн. Осы аспектіде ұсынылып отырған заңда өндіріс көлемін тұрақтандыру және ұлғайту үшін тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауға ерекше назар аударылатын болады, — деді Қарлығаш Аралбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.