Кандидаттар Қорағаты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

0 6

Тұрар Рысқұлов аудандық маслихат депутттағына кандидаттар М.Мейманханов, Б.Бабасов, С.Бисембаев, А.Баймуратова, Н.Беркимбаев, Д.Әбдікерім Қорағаты ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Сайлаушылармен кездесу кезінде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.

—  «Nur Otan» партиясы бағдарлама аясында 2021-2025 жылдар аралығында ауданда газдандырылмаған ауылдарға газ кіріп, таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, интернетке қол жетімділік артып, кшелер жарықтандырылады, — деп атап өтті кандидат.

Сондай-ақ, тұрғындардың ерікті түрде сайлауға барып таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді және 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Тұрар Рысқұлов аудандық сайлау қорынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.