Қордай ауданында үгіт-насихат жұмыстары үздіксіз жалғасуда

0 2

Бүгін Қордай аудандық сайлауалды штаб төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков бастаған үгіт-насихат тобы Қарасай ауылына жол тартып, ауылдық клубта тұрғындармен, ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жиында бірінші кезекте партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы аясында Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстар баяндалды.

Биылғы жылы Қарасай ауылында да атқарылған тірлік аз болмады. Қазірде аудан бойынша 7,4 шақырым жаңадан жолдар салынып, 343,6 шақырым жолдар орта жөндеуден өтсе, Қарасай ауылындағы көшелер толығымен дерлік асфальтталды. Қарасай ауылындағы №20 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, игілік іс тұрғындар көңілінен шықты. Бұл атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана.

Алдағы жылдары округті дамыту жұмыстары мұнымен тоқталмайды. Мәселен, Қарасай-Еңбек тас жолын жөндеу, 2021 жылы Қарасай ауылдық округіндегі Қырғау кен орнында «Алатау Қордай» ЖШС жобалық қуаты жылына 1500 кг құрамында алтын бар кенді игеру, орталықтандырылған ауыз су құбырын салу және де ең бастысы – газ құбырын тарту жұмыстары жоспарда бар.

Осының барлығын тыңдаған ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауап естіді. Тұрғындар партияны қолдайтындарын айтып, сайлауға қатысатындарын жеткізді. Үгіт-насихат тобының мүшелері кездесуден кейін «Есіктен есікке» акциясы аясында көшелерді аралап, ауыл тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырды.

 «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.