«Мемлекет қамқорлық жасауы керек» -КХП

0 9

Акция аясында Талдықорған қаласының тұрғындары арасында үгіт-насихат материалдары таратылып, сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистері түсіндірілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сайлауалды штаб басшысының орынбасары Олжас Ибраимовтың айтуынша, Қазақстан Халық партиясы коронавирус пандемиясы салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарға банктердің есебінен несие рақымшылығын жүргізуді жақтайды.

— Адамдар үлкен шығынға ұшырады және мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасауы керек. Өйткені, бұл мемлекеттің тікелей міндеті, – деді Олжас Ибраимов.

Айта кету керек, партияның бұл бастамасы қала тұрғындарының қолдауына ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.