Халық үніне құлақ асатын мемлекет

0
10

Аудан халқының сапалы өмір сүруін айқындайтын және әр азаматтың өзіне лайықты өмірді қалыптастыруына бағытталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бүгінде игі істердің бастамасы іспеттес. Нұрлы болашаққа қадам басқан партияның басты мақсаты еліміздің дамуы жолында еселі еңбектер атқарып, халқымыздың бай бақуатты қоғамда өмір сүруіне жағдай жасау. Зияткер, Саламатты және ыждағатты ұлтты қалыптастыру біздің басты құндылығымыз екенін айқындау, партияға деген халықтың сенімін нығайтуда.

Ұлтымыздың берекесі саналған ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасауды қолға алған «Nur Otan» партиясы бүгінде сөздің емес істің партиясы екенін нақтылауда. Осы негізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытында Жуалы Аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар Елекбаев Айбек Орынбасарұлы, Тілеубеков Ерғали Өтемісұлы, Байрамов Қалдыбай Дөнешоглы және Телеушов Мейіржан Бегасылұлы партия ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде ауданымыздың сәтті дамуына бағытталған сайлауалды бағдарлама талқыланып, 2025 жылға дейінгі халықтың әл-ауқатын көтеру жолындағы жоспарлы жұмыстармен ой бөлісті. Үміткерлер Өзгерістер жолы:Әр азаматқа лайықты өмірді қалыптастыру — жарқын болашақ пен толағай табыстарға жетуде халық пен биліктің атқаратын рөлі үлкен екенін ескеріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда еліміздің болашағы мен зайырлы қоғамда өмір сүру үшін «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Жуалы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here