«Nur Otan»: Байзақ ауданында су қоймасы салынып, 72 су арнасы жөндеуден өтеді

0 0

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру «Nur Otan»  партиясының басты ұстанымының біріне жатады. Сол арқылы партия азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі нарықты толықтай қамтып, экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге басымдық береді. Бұл туралы  үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының мәжіліс залында жергілікті ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен болған кездесуде айтылды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Агросала өкілдерімен кездесуге  «Nur Otan»  партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Қайсар Жасұзақов, Фарида Жүнісова, Ләмзер Төлебаев, Мұхит Нысанбаев, Бауыржан Абзалиевтер қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

— Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, салаға мемлекет тарапынан қолдау білдіру  үшін «Nur Otan» партиясы дәнді дақылдар алқабының өнімділігін 2025 жылға қарай гектарына 30,4-тен 32 центнерге, ал көкөніс-бақша өнімдерінің өнімділігін гектарына 300-ден 350 центнерге дейін арттыруға қолдау білдірмек.

Байзақ ауданында асыл тұқымды мал басының санын   13  мыңға  артып,  5 астық қоймасы мен көкөніс қоймасының құрылысы  қолға алынады. Партияның сайлауалды бағдарламасында аудандағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану ісіне көңіл бөлініп, жайылымдар мен егіс алқабы ретінде пайдаланылған жерлерді қайта айналымға енгізу есебінен суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңімен 32,5 мың  гектарға дейін арттыру жоспарланған. Суармалы егіс алқабының артуынан ағын суға деген сұраныс туындайды. Бұл орайда ауданда «Ақмола» су қоймасы салынып, 2022 жылға дейін 72 арнаны жөндеу жұмыстарын аяқталады.

Ағын су мәселесін оңтайлы шешу арқылы біз аймақтағы қант қызылшасы алқабыныңкөлемін 3 мың гектарға дейін ұлғайтуға қол жеткіземіз, –деді кандидат Қайсар Жасұзақов.

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдері де «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында саладағы ең өзекті мәселелерді шешу тетіктері қарастырылғанын айтып, жергілікті шаруалар саяси науқанда еліміздегі жетекші партияны қолдауға дайын екендігін тілге тиек етті.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.