Жамбыл облысында шыны сынығынан банканың 12 түрі шығарылады

0 3

Жамбыл облысындағы кәсіпорын өңірлерден шыны сынықтарын жинап, банканың 12 түрін шығарып жатыр. Дайын өнімдер Қырғыз және Өзбекстан мемлекеттеріне экспортталуда. Тәулігіне 40 тонна шикізатты өңдеуге қуатты зауыт алдағы уақытта қуаттылығын арттырмақ. Мұнда болашақта бір күнде 70 мың дана шыны банка дайындалатын болады-деп жазады «Zhambylnews» АА.

Жамбыл облысындағы «Достық и Компания» ЖШС өндірістік цехында шыны банкаларын өндірісі жақсы жолға қойылған. Кәсіпорында тәулігіне 30-35 мың банкі шығарылады. Яғни, банканың 12 түрін шығаратын зауыт цехында 56 адам жұмыс істейді. Ондағы бір желі сыйымдылығы 0,5-тен 1 литрге дейінгі банкаларды шығаруға арналған. Биыл оның екінші желісі іске қосылып, 2 мен 3 литр аралығындағы банкалар шығарыла бастапты.

— Зауыт банкаларды кең ассортиментте шығара алады. Жиынтықтар формаларының жеткілікті таңдауы бар. Өндірілетін өнім сапасы бойынша «Консервіленген тамақ өнімдеріне арналған шыны ыдыс» формасы мемлекеттік талаптың барлық стандартына сай келеді. Кәсіпорында шығарылатын өнімге Еуразиялық экономикалық одақ сәйкестігі туралы декларациясы бар. Бұл өнімдерімізді Кеден одағы елдеріне өткізуге мүмкіндік береді, — дейді Мұрат Қаңлыбаев.

Зауыт ауласында бір айға жететін шикізат қоры жиақталған. Цех басшысы Есберген Еламанов шыны балқытуға Арал құмын, Қаратаудың содасын, кварц құмы және барлық өңірден жинаған шыны ыдыстарының сынығын пайдаланатынын айтты. «Біз бір тәулікте 40 тонна шикізатты шыны сынықтарымен қосып балқытамыз. Алдымен шыны ыдыстарды арнайы тазалаудан өткізіп, құм мен соданы, басқа да қоспаларға араластыра отырып ұнтақтаудан өткіземіз. Одан кейін ол шикізат 1500 градустағы балқыту пешіне түсіп, 102 тонналық ваннада қайнап, балқып шығады. Сұйықтық цехтың екі желісі арқылы 0,5 грамнан 3 литр аралығындағы банкалар құймасына құйылып, ары қарай дайын өнімге айналады. Цех жұмысы тоқтап қалмас үшін бір ай бұрын бір айлық шикізат қорын дайындап аламыз. Құмнан бөлек, шиша республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналып, осында жеткізіледі. Қор жинақтау мәселесі шешімін тапқан», — деді ол.

Дайын өнім Қырғыз және Өзбекстан Республикаларына экспортталады. Ал Қазақстандағы негізгі тұтынушысы Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы консервілеу зауыттары. Қазір көкөніс пен тосап жабу кезеңі болмағандықтан зауыт ауласында дайын өнім тау болып жинаулы тұр. Маусым кезінде бір сәтте алаң босап қалады дейді зауыт өкілдері. Алдын ала консервілеу зауыттарынан тапсырыс алған кәсіпорын бүгінде толық қуатында жұмыс істеуде. Алда оның қуатын тәулігіне 70 мың данаға жеткізу жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.