Жанар әжейдің жемісті жобасы жұмыссыздықты азайтуға өз септігін тигізуде

0 1

Бүгінде ел экономикасының тұрақты дамуына кәсіпкерлердің де қосқан үлесі орасан зор. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар ішіндегі «Еңбек» жобасы тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Аталмыш бағдарлама арқылы кәсібінен нәсіп тауып, шарапатын көріп отырған жандардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде үлкен кәсіпорын ашпай-ақ, кәсібін жаңадан бастаған жандар өзі жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықтың жойылуына ықпалын тигізуде. Солардың бірі — Жанар Атыхаеваның жемісті жобасы. Жанар әжей Т. Рысқұлов ауданы тұрғындарына қазақы нақыштағы киім түрлерін тігумен танымал болған тігінші, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Жанар Атыхаеваның жергілікті нарықта 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өз шеберханасы бар. Қазіргі таңда Жанар ханым «Еңбек» бағдарламасы арқылы несие алып, төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

— Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Айтқан, көрсеткен дүниеңді тез ұғып алады. Жанымда дәл осындай қолынан іс келетін қыздардың болғанына қуаныштымын. Әрине, ұлттық киім тігу, оның өрнегін салу оңай шаруа емес. Біздің жұмыста кәсіби шеберлікпен қатар, салт-дәстүрдің, ою-өрнектердің мағынасын білу – аса маңызды. Себебі, киім үлгілерін кез келген оюмен өрнектей салуға болмайды – деп, ұлттық киімдер заманға сай түрленіп, қазақы сән үлгісіне күн сайын сұраныс артып келе жатқанын мәлімдеді.

Осыған байланысты алдағы уақытта өз ісін кеңейтіп, үлкен цех ашу жоспарда бар екенін жасырмады.
Кейіпкеріміздің шеберханасы тек киім тігумен шектелмейді. Мұнда ұлттық нақыштағы қыз жасауы, әр түрлі кәдесыйлар, тұрмысқа қажетті заттар жасалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.