БАЙЗАҚТЫҚ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ…

0
12

Әрдайым ел ішіндегі береке-бірлік, ауызбіршілік ең маңызды рөлге ие.
Байзақ ауданында орын алған оқиғадан кейін Жамбыл жұртшылығы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, көмек қолын созуда. Соның бір дәлелі бүгін аудандық мәслихаттың депутаттары жүзге тарта халықпен бірге, 120-дан астам жұмысшыға түскі ас таратты.

Оқиға орын алған жерден жиі бой көрсетіп, барынша өз үлестерін қосуға тырысқан халық қалаулылары бүгін де жиылды. Халық қалаулыларының тамшыдай болсын игі істеріне тұрғындар ризалықтарын білдіріп, алғысын айтты.

Қазіргі таңда оқиға салдарынан жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталса, оның 106-сы тұрғын үй, 12-сі коммерциялық нысан. Анықталған 106 тұрғын үйдің 35-сі күрделі жөндеуден өтетін болса, қалған 71-і жеңіл зақымдалған, олар да қалпына келтіріледі. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жан-жақты тоқталған болатын.

Мырзағали Мадимаров, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here