Жамбылда суармалы егістік алқаптарының өнімділігі жоғары

0 6

Жамбылда суармалы егістік алқаптарының өнімділігі жоғары. Биылғы ауа райының құрғақшылығына байланысты жоспарланған егістік жұмыстары 98 %-ға орындалған. Бұл туралы  ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов  айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Яғни, жоспарға сәйкес 768,5 мың гектар емес, егістік көлемі нақты 751,7 мың гектарды құрады. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 403,2 мың гектарға себілсе, майлы дақылдар 59,2 мың гектарға, қант қызылшасы – 5,6 мың, картоп – 11,5 мың, көкөніс дақылдары – 43,2 мың, бақша дақылдары – 14,6 мың, мал азығы дақылдары 214,5 мың гектарға орналастырылды.

Аудан әкімінің  айтуынша, масақты дәнді дақылдардың өнімділігі былтырғымын салыстырғанда 40 %-ға төмендеген. Өйткені, 384,1 мың алқаптың 4,5 мың гектары жарамсыз болып қалған. Қазіргі таңда 465,9 мың тонна дән бастырылып, орташа өнімділік гектарына 12,3 центнерді құраған.

Алдағы қыс маусымында 992 мыңдай бас төрт түлік қыстауға түседі деп межеледік. Оған 1 млн 730 мың тонна пішен дайындалды, ал былтырғыдан 89 мың тоннадан астам пішен қалған. Демек, шөп толық жетуі керек. Сүрлемнен 54 мың тонна қажет болса, бүгінде 51 мың тоннадан көбісі әзір, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар күзгі жиын-терін қарқынды жүруде. Суармалы егістік алқаптарының өнімділігі былтырғымен салыстырғанда біршама жоғары. Айталық, картопты толықтай жинап үлгердік, түсім – 270,5 мың тонна. Жүгері алқабының 65 %-ға жуығы орылып, 57,4 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 63,3 центнерден», — деді Қайрат Тілеубайұлы.

Брифингте белгілі болғандай, өңірдегі бақша дақылы да толық жиналып, 483,3 мың тонна өнім алынған. Көкөністердің де 90 %-дан көбісі жиналған, қазіргі өнім көлемі – 1 млн 642 мың 375 тонна. Айта кетерлігі, пияздың өнімділігі гектарына 277,5 центнерден айналуда. Яғни, 529,8 центнерге өскен.

Биыл 30 мың тонна минералды тыңайтқыштарды қолдану жоспарланғанын жеткізді. Бұл артығымен орындалып, 31,6 мың тонна тыңайтқыш егістік алқаптарына себіліпті.

-Үкімет тарапынан Жамбыл облысына күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 9 815 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Оны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 12 оператор таратып, литрін 168-170 теңгеден босатуда. Шілде-тамыз айларына 5 655 тонна жанармай бөлінсе, әзірге өңірге 5 304,9 тоннасы жеткізілді. Оның 3 914,2 тоннасы 534 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жөнелтілді,деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.