Жамбылдық шаруалар қызылша жинауға кірісті

0 0

Таразбен іргелес жатқан Жамбыл ауданының шаруалары тәтті түбір жинауға кірісті. Бүгінгі таңда әр гектардан 600 тонна өнім алуда,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қара күз түскенде шаруалар көктемнің кезінде жерге орналастырған қант қызылшасын жинай бастайды.
Жалпы Жамбыл ауданы бойынша 700 гектарға тәтті түбір орналастырылған.

100 гектар қан қызылшасына соқа салып, техникаларды жұмылдырғандардың бірі Нуритдин Бегманов басшылық ететін«Қызылдихан» өндірістік кооперативі.

Алынған өнімде жоғары. Әр гектардан 600 центнерден өнім алуда.
-Балтамыр егуді бірнеше жылдан бері жалғастырып келемін. Бұрын арық-атызбен суаратын болсақ, кейінгі кездері су үнемдеу технологиясының игілігін көріп жатырмыз. Қызылша-өнімнің ең кеш пісетіні ғой. Күздің салқынымен жинау науқанына кірістік. Еңбекке ауыл тұрғындары тартылған,-дейді Ол.

Кооператив қант қызылшасының 50 гектарын тамшылатып, 50 гектарын жаңбырлатып суарады.
Бүгінде егістікте 5 трактор, 3 өнім артатын техника, 10 тасымалдаушы жүк көліктері мен 15 жұмысшы тынымсыз еңбек етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.