Жуалылық 120 азамат жаңа бизнес-идеялары үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант алды

0 0

Жуалылық 120 азамат жаңа бизнес-идеялары үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант алды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ауданда кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, өз жұмысын жолға қойған азаматтар аз емес. Әсіресе, кейінгі жылдары бұл бағытқа бет бұрған жастардың үлесі айтарлықтай артып келеді. Мемлекет тарапынан да Әрине бұл көңіл қуантарлық жағдай. Өз кәсібін ашамын деген азаматтарды қолдайтын түрлі мемлекеттік бағдарламалар жеткілікті.

Соның бір дәлелі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 120 азамат жалпы құны 70008.0 мың теңгені құрайтын қайтарымсыз мемлекеттік грант негізінде қаражат алды.
Аталған 120 азаматтың 82-і 18-29 жас аралығындағы азаматтар.

Сонымен қатар «Бастау- бизнес» жобасы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар бойынша 260 қатысушы оқуын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.