Жамбыл облысында ірі жол көлік оқиғасы орын алды

0
1072

Жамбыл облысындағы “Батыс Еуропа -Батыс Қытай” автодәлізінің бойында жүк көлігі мен жол зертханасының көлігі соқтығысып ірі жол апаты орын алды,-деп хабарлайды “Zhambylnews” АА тілшісі оқиға орнынан.

Куәгерлердің айтуынша Алматыға қарай бет алған жүк көлігі 100 метрдей шайқалып , алдындағы “Газельді” соққан. Салдарынан екі көлік те жол шетіне аударылып кеткен.Апат салдарынан қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар.

-Апат көз алдымызда болды.Қызым екеуміз жүк көлігінің артында келе жатқанбыз. Жүк көлігі шайқалып дұрыс жүрмеді.Сол сәтте алдында тұрған көлікке соқтығысып екеуі де аударылды, – дейді куәгер.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here