Жолдау жүктеген міндет

0 2

Елбасы экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі, деген болатын. Нарықты ішкі өнімдермен қамтамасыз етумен қатар, жұмыс орындарын ашып, өндірісі өркендеп келе жатқан кәсіпорындардың бірі өңірдегі «Супер Фарм»   зауыты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аймақтағы «Супер-Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір реттік медициналық өнімдер өндірумен айналысады. 2011 жылдың желтоқсан айында құрылған мекеменің құрылысына 520 млн. теңге жұмсалған.

2,894 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорын медицинаға арналған халат, бинт, бір жолғы бахилалар, бетперделер, төсеніштер секілді өндірістік бұйымдар шығарылады. Жобалық қуаты жылына 15 млн. дана өнім шығаруға қауқарлы өндіріс ошағында 111 адамды жұмыспен қамту көзделсе, қазір 250 адам еңбек етуде. Қызметкерлердің орташа жалақысы 98 000 теңгені құрайды.

-Зауыт өз жұмысын бастағанда осы кәсіпорынға келіп, технолог болып орналастым. Содан бері 8 жыл өтіпті. Бастапқыда үйрену аздап қиындық туғызғаны рас. Бертін келе тәжірибе жинаумен қатар арнайы курстарға қатыстым. Бұл жерде халық күнделікті тұтынатын медициналық жабдықтар шығарылатындықтан сапаға баса мән беріледі. Жанұямда жұбайым мен 3 балам бар. Жалақым жақсы,-дейді зауыт жұмысшысы  Айбар Жантелі.

Бүгінгі таңда зауыт қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. 2017 жылы зауыт 17,1 млн. данадан астам өнім өндіріп, 2016 жылмен салыстырғанда 4,2 млн. данаға артық орындалған.

Медициналық бұйымдар шығаратын зауыттың өндіріс көлемін кеңейту мақсатында 2017 жылы зауыт аумағынан 2 гектар жерге жаңа зауыт құрылысы басталды. Жобаның құны 2 млрд. теңгені құрады.

Осындай кәсіпорындардың негізінде аймақ экономикасында тұрақты өсім байқалды. Деректерге сүйенсек  6 айда өңірдегі Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,0 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,4 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция 12,7 пайызға артты. Жыл басынан бері  17 млрд.теңгеге 7 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін  46 млрд.теңгеге 9 жоба іске асырылады деп күтілуде. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы  халықтың әл-ауқатының артуы мен жаңа жұмыс орындарының көбеюіне де ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.