Жамбыл облысында полиция қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті

0
22

Тараз қаласының «Динамо» спорт кешенінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні қарсаңында облыстық ПД қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Ералин сөз сөйлеп ашып, қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарысқа аудандық полиция бөлімдері, Тараз қаласының Полиция басқармасы және Полиция департаментінен барлығы 20 команда қатысты. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде 1-орынды ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтан құралған команда жеңіп алды, 2-орынға Оқу жаттығу взводы және 3-орынға Шу ауданының полиция бөлімі командалары ие болды.

Жекелей номинациялар бойынша 18 доп соғып «Үздік шабуылдаушы» болып Шу АПБ-нің ардагер ойыншысы отставкадағы полиция подполковнигі Абдраманов Сапар танылса, «Үздік қақпашы» номенациясын ЖҚАЖ полиция капитаны Арзымбетов Даурен иеленді. Ал «Үздік қорғушы» номинациясы Шу АПБ қызметкері Бекбауылов Дауренге бұйырды. Жарыстың «Үздік ойыншысы» болып Талас АПБ ардагер ойыншысы Сапарбеков Сағынғали, «Үздік ардагер ойыншы» болып отставкадағы полиция полковнигі Арғынбаев Ануар танылды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жамбыл облысы ПД және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы дайындаған арнайы дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here