Жамбыл облысында қоғамдық бақылау нәтижесінде 24 хаттама толтырылып, 3, 9 млн теңге айыппұл салынған

0 0

Жамбыл облысында қоғамдық бақылау нәтижесінде 24 хаттама толтырылып, 3, 9 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы ӨКҚ алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысы Даурен Омаров айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсе және тиісті уәкілеттік орган қызметкерлерімен бірлесіп түрлі рейідтік іс-шараларды ұйымдастыруда.

Айта кетейік, есептік бір ай ішінде Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе билетсіз жолаушыларды анықтау мақсатында жүргізілген 8 рейдтік шаралар нәтижесінде 4 билетсіз жолаушыларды алудың фактісі анықталып, жолсеріктерге 50 500 теңгеге әкімшілік хаттама толтырса, ал облыстық маңызы бар жолдарда жүргізілген рейтік іс-шаралар нәтижесінде жүк автокөліктері жүргізушілеріне артық салмақтағы жүк тасымалдағаны үшін 20 хаттама толтырылып 3 853 757 теңге айыппұл салынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.