Жамбыл облысында басты бағыт-бюджеттік саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету

0 0

Жамбыл облысында ашық бюджеттердің интерактивті картасы жобасы іске асырылу көзделді. Карта алғаш рет халыққа бюджеттік шығындар туралы маңызды мәліметтерді қол жетімді және түсінікті етті және қоғамдық бақылаудың тиімді механизмін құрайды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысы Даурен Омаров айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді. Карта мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген адам осы процесстерді тәулік бойы бақылай алады, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, мемлекеттік органға хабарлай алады.

Түскен арыз шағымдар бойынша тиісті мемлекеттік орган жауап береді, ал егер арыз-шағымдардың ішінде сыбайластық элементтері болған жағдайда біздің орган назарға алып Заңнамамен белгіленген тәртіппен жұмыстар жасайтын болады. Аталған https://publicbudget.kz/ сайттында Жамбыл облысы бойынша бюджеттер туралы ақпараттар қазан айынан іске қосылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.