Шу ауданында «Н.Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам»  атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылды

0
67

Шу қаласындағы  Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам»  атты көшпелі көрмесі жобасы аясында айтулы шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Аталған көрме аясында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы  «Тұңғыш» экскурсиялық концепсиясының негізігінде келушілер «Тарихи таңдау Бастамасы» және «Тарихи таңдау.Ұмтылыс» , «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсияларын тамашалады.

Шара алдында Елбасы кітапханасының  директоры  Әмірхан Рахымжанов, орынбасары  Күлайша Ақтаева, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, аудан әкімі Жарылқасын Айтақов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, сый сияпаттар алмасты. Атап айтқанда Әмірхан Рахымжанов шараның маңызы мен мазмұнына тоқталып, жоба авторы саясаттанушы ғалым, көрнекті қайраткер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында 30 жыл жұмыс жасап келе жатқан Махмұд Қасымбековтың  сәлемін жеткізіп, аудан әкімі Жарылқасын Айтақовқа  және мектеп директоры Жазира Шалбаеваға Алғыс хат тапсырып,  ұйымдастыруға ат салысқандары үшін алғысын жеткізіп, Елбасы туралы құнды еңбектерді сыйға тартты. Сондай –ақ аудан басшысы Жарылқасын Айтақов та өңірге келген меймандарға ризашылығын білдіріп, жоба жұмысынан сәттілік тілеп Елбасы кітапханасына естелік сыйлық табыстады.

Сонымен қатар келушілер Елбасы өмірінен сыр шертетін, хабар беретін деректермен танысып,жәдігерлерді жақынан көріп, тәжірбиелі нұсқаушылардың баяндамасын тыңдады. Аудан тұрғындарына сирек кездесетін бейнематериалдың, фотосуреттер мен архивтік құжаттар, жәдігерлердің бірегей кешені ұсынылып, келушілерге ерекше әсер сыйлады. Ал, Әмірхан Мұратбекұлы әр аудиторияны аралап, келушілермен сұхбаттасты. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндірді.

Қордай ауданының  Әлжан ана ауылынан бастау алған көшпелі көрме жобасы Шу ауданына аялдағаннан  кейін Тараз қаласында шоқтығы биік шаралармен жалғасатын болады.

Айта кетейік, 2017 жылғы қарашадан бастау алған «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 900 мыңға жуық тұрғыны танысып үлгерді. Ірі ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық іс-шаралардан құралған жоба шалғай аудандарда арнайы ұйымдастырылатын көшпелі экскурсияларды да қамтиды. Жобаның басты маржаны тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы Елбасының шешуші рөлін жүйелі баяндайтын қор көрмесі болып отыр.

«Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі Жамбыл облысында 2019 жылғы қазан айының соңына дейін жалғасады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here