Жамбыл облысында 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты тәркіленді

0 0

Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел тас жолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Runner» маркалы автокөлігі ұсталды. Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті Тараз қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.