«Меркі тынысына» — 85 жыл

0 75

Меркі ауданында биылғы жыл аудандық «Меркі тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойымен есте қалмақ. Олай дегеніміз орталық алаңда «Меркі тынысы» аудандық газетінің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған спорттық жарыстардың ашылу салтанаты болып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға газеттің ардегерлері Бектұрған Жамбабаев, ақын Шырын Мамасерікова, газеттің бас редакторы Әтіркүл Исаева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринат Жантаев, аудандық шахмат федерациясының басшысы Тынышбек Кембай және т.б. қатысты. Мерекелік шараның ашылу салтанатында:

– «Меркі тынысы» –ауданның тарихи шежіресінің алтын сандығы. Мұнда көптеген білікті журналистер қызмет етті. Халыққа жаңалықтың жаршысы бола білді. Бала кезімнен бастап осы газетке өз өлеңдерімді әкеліп, жарыққа шықса, мәз болып қалушы едім. Әлі күнге қолжазбаларымды осында алып келем. Тұрғындарға өз туындыларымды осы БАҚ арқасы жеткізіп отырамын. Газет ұжымына сәттілік тілеймін. Ойлары ұшқыр, қаламдары үшкір болсын деп тілеймін,-деді Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова.

Ал, аудан тұрғыны кезінде осы газеттің редакторы болған Бектұрған Жамбабаев басылымның сонау «Сталин жолы» болып алғаш жарық көрген кезінен бастап қысқаша шолу жасап өтті. Өз сөзінде газеттің қазіргі Бас редакторы Әтіркүл Исаева «Меркі тынысы» аудандық газеті әрқашанда халықпен үндес болып, алдағы уақытта да осы бағытта жұмысын жалғастыра беретінін жеткізіп, іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған аудан әкімдігіне өз алғысын жеткізді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринат Жантаев «Меркі тынысы» ұжымын айтулы мерейтоймен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Мерекелік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді.

Айта кетейік, биылғы жыл көп жағымды жаңалықтарға, үлкен бастамаларға толы жыл болды. ҚР Президенті Қ.Тоқаев халқына алғашқы Жолдауын жолдап, ондағы мәселелер көпті қуантып отыр. Сонымен қатар, Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығы қазақ халқы үшін үлкен мереке.

Аталмыш спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 18-
қыркүйек күні өткізілетін «Меркі тынысы газетінің 85 жылдығына» арналған салтанатты жиында марапатталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.