Аймақ басшысы Жамбыл ауданындағы Атлах шайқасы өткен орынға арнайы барды

0 7

Жамбыл ауданындағы Атлах шайқасы өткен орынға арнайы барған аймақ басшысы Асқар Исабекұлы тарихи шайқастың маңыздылығын тілге тиек етті. Оны насихаттау мен таныту жұмыстарына дұрыс көңіл бөліп, осы бағытта нақты шараларды қолға алу керектігін баса айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарихи орын туралы аз-кем мәлімет берер болсақ, белгілі тарихшы-ғалым Махмуд Қашқаридың айтуынша, «Атлах – Тараздың маңындағы қаланың аты».

Ал, А.Бернштамның пікірінше, «Атлахтың қалдығы – Жуантөбе. Қазір ол құлаған. Қамал мен қаланың қалдығынан төбеге айналып, 280-140 метр жерді алып жатыр.Төңірегінде қорғаны, оның сыртында егін алқабы болған» — деген дерек кездеседі.

Атлах шайқасы –біздің жыл санауымыздың 751 жылы Тараздан 25 шақырым жерде Араб және Қытай әскерелері арасында орын алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.