Өңір басшысы Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды

0 0

Өңір басшысы Жамбыл ауданындағы жұмыс сапары барысында Бесағаш ауылдық округінде орналасқан «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Жамбыл филиалына ат басын бұрды. Онда дәндік жүгері егілген алқаппен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы алқаптағы егістік көлемі 650 гектарды құраса, оның 200 гектарына жүгері егіліпті. Ол туралы филиал басшысы Сәкен Сайфулла айтып берді. Бүгінде серіктестік жүгерінің гибридті сорттары, атап айтсақ: Тулпар 539, КазЗП 509, КазЛК 599, КазЗП 650, Сункар 779, Скиф 619, КазЛК 780, ЗПСК 704, КазЗП, Алтын 739 секілді түрлерні өсіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.