Талас ауданында халықтың орташа айлық жалақысы 114196 теңгені құрап, 22,9%-ға өскен

0
17

Талас ауданында Халықтың саны 55045 адамды құрап, қалада 30481 адам, ауылда 24564 адам,  халық саны 35 адамға өскен. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында  Талас ауданының  әкімі Досмаханбет Алиев айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Халықтың орташа айлық жалақысы 114196 теңгені құрап, 22,9%-ға өскен.

2019 жылдың 8 айында аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке жоспарланған 668 млн. 902 мың теңге толығымен игерілген. Соның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1516 отбасындағы 7658 адамға 649 млн. 657 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 530 отбасындағы 2453 адамға 13 млн. 320 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмек 81  адамға 5 млн. 925 мың теңге тағайындалып, толық төленген.

2019 жылдың 8 айында жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 2241 адамның жұмыспен қамтылғандар саны 1162 адам.

Айта кетейік, 2019 жылы 198 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау курсымен қамтамасыз ету жоспарланып, оған облыстық бюджет есебінен 37 млн. 715 мың теңге жоспарланған. Оқу курстарына жоспарланған 198 адам толық жолданып, 8 айдың нәтижесімен 29 млн. 407 мың теңге игерілді. Оқуды 60 адам аяқтап, оның 8-і жұмыспен қамтылды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here