Түркиялық компания Жамбыл облысында күн электр станциясын салуға ниетті

0 0

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов түркиялық «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш компания өкілдері өңірімізде 400 мегаваттық күн электр станциясын салуға ниетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Исабекұлы жергілікті билік инвесторларды барынша қолдауға әзір екендігін жеткізіп, қажетті жағдайлар жасалатынын айтты. Ол үшін алдымен қажетті жер көлемін нақтылап, станция салуға қолайлы аймақты анықтау шараларын жүргізу керектігіне көңіл бөлді. Сондай-ақ, өңір басшысы облыста құрылысы жүріп, жұмыс жасап жатқан жел, күн электр станцияларының мысалға ала отырып, аймақтың баламалы энергия өндіру бағытында айтарлықтай тәжірибесі бар екендігіне назар аудартты.

Өз кезегінде «Глобал Строй» ЖШС-нің құрылтайшысы Булган Ахмет Дюран мен бас директоры Уйгун Эюп Жамбыл облысының күн сәулесі көп түсетін өңір болғандықтан таңдау түсіп отырғанын, салынатын станцияға жел мен күннің қозғалысына ыңғайлы жаңа технологияларды пайдаланатындарын айтып, жұмысты бастауға дайын екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, олар болашақта Қазақстанда 8 мың мегаваттық станция салуды жоспарлап отырғандарын тілге тиек етті.

Айта кетейік, бұған дейінгі кездесуде тараптар бірлесіп жұмыс жасау жолында ортақ меморандумға қол қойып, келісімге келген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.