Қала әкімі Қайрат Досаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді

0 0

Бүгін қалалық әкімдіктің жанындағы «Ашық әкімдік» алаңында қала әкімі Қайрат Досаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қалалық әкімдіктің «Жамбыл адалдық алаңында» жобасы бойынша ашылған «Ашық әкімдік» алаңында мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қамтамасыз етілген, тұрғындар өздерінің өтініштерін қала билігіне еш кедергісіз жеткізе алады.

Қабылдауға жазылғандар арасында Екатерина Уразбаева өзінің баспанасы жоқ, ресми тіркеуі жоқтығына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмағанын айта келген. Сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұрғанымен кезектің жылжымайтын жеткізді. Қайрат Әскербекұлы азаматша тұрғын үй кезегіне толық емес отбасы ретінде тіркелгенін біліп, оған жыл ортасында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес санатын өзгертіп қайта тіркеуден өтуі қажеттігін, тұрғын үй кезегінде тіркелген көпбалалылар санының 2000 адамға жуық екенін жеткізді. Бұдан өзге тұрғын үй кезегі келгенше уақытша тұруға, көпбалалы аналарға арналып соғылып жатқан жатақханадан тұрмысының қиын жағдайын ескеріп өтініш қалдыруын сұранды.

Одан өзге қабылдауға келген Кутузов көшесінің бір топ тұрғындарына тұрғын-жай, коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары арнайы шығып, түнгі жарықтандыру шамдарын орнату үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Барлық қабылдауға келген азаматтардың назарына өтініш тілектері, қандай да болсын мәселелері әкімдік тарапынан бей-жай қалдырылмайтыны жеткізілді. Бүгінгі қабылдауға 7 адам жазылған. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.