Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылық күніне орай өткен шараға қатысты

0 4

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылық, сондай-ақ тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай өткен салатанатты шараға қатысты, деп хабарлайды «ZhambylNews»  АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосу барысында бірқатар азамат облыс әкімінің, тиісті басқарманың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Жиын соңы облыстық көркемөнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 30,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 14,9 миллиард теңгеге артық. Аймақта ағымдағы жылдың 10 айында 275,6 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 104,4 пайызды құрады. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Салаға 22,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123,7 пайызға артты. Жыл басынан бері 614 ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 7,3 пайызға жаңартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.