Жамбыл облысының 80 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аясында бірқатар нысандар ел игілігіне беріледі

0 4

Жамбыл облысының 80 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі аясында бірқатар нысандар ел игілігіне беріледі, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыс тойы қоныс тойға ұласып, көпшіліктің көптен күткен қуанышын еселемек. Атап айтқанда, мереке қарсаңында Тараз қаласында 80 пәтерлі 6 үй, 60 пәтерлі 2 үй, 44 пәтерлі 1 тұрғын үй, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында 120 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабындағы инфрақұрылым нысандары, Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын үй массивін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықтау жүйесі, Далақайнар ауылындағы орта мектепте жапсарлас нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, спортзал, асхана, технология кабинеттері іске қосылады.

Дүбірлі думанда денсаулық сақтау саласында да жағымды жаңалықтар аз емес.
Мәселен мерейлі күні облыс аумағындағы 41 елді мекенде 41 медициналық, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне тапсырылады.

Сонымен қатар, тіршілік көзінің түйіні шешіліп, Шу ауданының Абай, Мойынқұм ауылдарын және Қордай ауданының Әлжан ана ауылын, Жуалы ауданының Қарасаз ауылын сумен қамту жүйесі іске қосылып, ел игілігіне тапсырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.