Тараз қаласында орналасқан 17 жол белгілері жойылды

0 3

Жобалық кеңсе өкілдері полиция қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелері бойында орналасқан жол белгілеріне талдау жүргізіп, нәтижесінде жол қозғалысына қатысушылардың құқықтарының немесе жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына әкеліп соғатын Тараз қаласында орналасқан 17 жол белгілері жойылды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл адалдық алаңы жобалық офисінің жетекшісі Қайрат Меклисов айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Сонымен қатар, қалада мемлекеттік қызметшілердің және басқа да тұлғалардың жол жүру ережелерін сақтауы бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырлуда.

Іс-шара нәтижесінде 22 тұлға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылса, қызметтік автокөлікті қызметтен тыс уақытта пайдалану бойынша 16 фактілері анықталып 16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.