Өңірімізде «Парасатты болашақ» тақырыбындағы облыстық эссе байқауына 2932 оқушы қатысқан

0 12

Жамбыл облысында қыркүйек айында  оқушыларды парасаттылыққа баулып, адамгершілік-этикалық құндылықтарды насихаттау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында  «Парасатты болашақ» тақырыбында  облыстық эссе байқауы ұйымдастырылды. Эссе байқауына 2932 оқушы қатысып, оның ішінде 9 оқушының жұмысы үздік деп танылды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл адалдық алаңы жобалық офисінің жетекшісі Қайрат Меклисов айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Сонымен қатар, оқушылар мен студенттер арасында «Сана парасаттылығы — адал ұрпақ негізі» атты пікірсайыс турнирлері өткізілді. Оның жұмысына — 3417 мектеп оқушысы және 1896 студенттер қатысты.

Ал отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында қыркүйек пен қараша айлары аралығында «Парасатты отбасы» байқауы өтті. Аталған байқауда өңірдегі қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, кәсіби біліктілігі жоғары 5008 жанұя қатысты.

Айта кетейік, облыстық қорытынды байқау ағымдағы жылдың 22 қараша күні өтіп 11 отбасы түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.