Жамбылдық полицейлермен сейф ұрлаушылар ізін суытпай ұсталды

0 0

Тараз қалалық Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы ғимаратынан сейф ұрланғаны туралы арыз келіп түсті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оқиғаның ізі суымай облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің металл қоршауды және пластикалық терезені сындыру арқылы ғимараттың ішіне кіріп, сейфті алып шыққандығы анықталды.Ұрланған сейф Талас өзенінің маңынан табылды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.