Пилоттық жобаның пайдасы мол

0 2

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру, үй маңында табыс табу мақсатын көздеген пилоттық жобасын насихаттау мақсатындағы пресс тур Мойынқұм ауданындағы Айдарлы ауылында жалғасты ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Пилоттық жобаның бірінші бағыты бойынша яғни ондағы ауланың 95 пайызы қамтылған. Ал екінші бағыт аясында 127 отбасы несие алуға өтінім беріп, оның 55 пайызы тиісті қаражатына қол жеткізген. Ол қазіргі таңда 537 бас мал алып, төлдете бастапты.

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетовтың сөзінше, мал шаруашылығы бойынша тұрғындар сүт бағытына басымдық беріп отыр екен. Ол үшін алдағы уақытта танкер және сүт таситын арнайы көлік те сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ ауылда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативіне көлемі 4 гектар жерді қоршап берген. Ол үшін аудандық бюджеттен 12 миллион теңге бөліп, онда кеңсе салынған. Сонымен қатар ол жерден сүт өңдейтін цех бой көтермек. Сөйтіп ол нысандардың барлығы ауыл шаруашылығы кооперативіне сенімгерлік басқару негізінде берілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.