«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті

0 9

«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Конференция партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Мәдібектің төрағалығымен өтіп, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Talas Invest Company» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Б.Ә.Алдашов және партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Б.Есмұрзаев және кезектен тыс ХХVІ конференция жұмысына 165 делегат қатысты.

Конференция ашық дауысқа салынып, ашылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалды.
Конференция алдында делегаттар өкілдерінің арнайы кеңесі өткізіліп, онда конференция жұмысшы органдарының жеке құрамы талқыланды. Онда жұмысшы органдарының жеке құрамы қаралып, ортақ келісім жасалды.

Хатшылық пен мандат және редакциялық комиссияларға сайланған делегаттар өз жұмыстарына кірісті.
Күн тәртібіне 3 мәселе ұсынылды.
Бірінші мәселе «Партиялық «жаңғырудың» негізгі бағыттарының Сарысу аудандық партия ұйымдарында іске асырылуы» туралы баяндамашы: «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің баяндамасы тыңдалып, баяндама бойынша сұрақтар беріліп тиісті жауаптар берілді. Екінші мәселе «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, үшінші мәселе «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясына делегаттар сайлау бойынша баяндамалар тыңдалды.

Жарыссөзге «Игілік» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Ж.Отарбаев орта мектебінің директоры Дариға Түймебайқызы Ыдырысова, партия аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Самат Қуандықұлы Тоқбанов шықты.

Содан соң сөз делегат, мандат комиссиясының төрағасы, Рауан Мақатұлы Сағындықовқа берілді.
Мандат комиссиясының хабарламасы бірауыздан бекітілді.
Талқыланған күн тәртібіндегі мәселелердің қаулы жобасы негізге алынып, ұсыныстар бірауыздан қабылданды.
Партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Бұралқыұлы Есмұрзаев енгізілді.
Партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының бөлінісіне сәйкес, делегаттардың өкілдік нормасы бойынша партияның аудандық филиалынан 17 делегат бірауыздан мақұлданып сайланды.

Сонымен Тұрғанбай Ақерке Мұхтарғазықызы-С.Сейфуллин орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Айдар Қыдырәлі  — Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы, Сәкен   Байдилдаев  — Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы партия қатарына салтанатты түрде мүшелікке қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.