Тұрар Рысқұлов ауданында сақтық шаралары күшейтілді

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданында сақтық шаралары күшейтілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жыл 30 наурыздағы #3 қаулысына сай Жамбыл облысы аумағындағы шараларға шектеу қою туралы қаулысы шыққаны белгілі. Осыған байланысты Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің штаб мүшелері аталған қаулы талаптарының орындалуын зерделеу жұмыстарын жүргізілуде. Сонымен қатар халық көп шоғырланған көшелерде арнайы дауыс зорайтқышпен жұртшылыққа үйден шықпау, оқшаулану талаптары, коронавирус инфекцияның алдын- алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары мен қаулы талаптарын орындау туралы ескертпелер жүргізілуде.

Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары аясында ауданда 3 жерде блок-посттар жабдықталып,тиісті мамандар тәуліктік жұмыстарын бастап кетті.
Блок-посттар жұмысын ұйымдастыру шаралары бойынша аудан әкімі Ерболат Садырқұлов тиісті сала мамандарының жұмысымен танысып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Ауданда дезинфекциялау шаралары кестеге сай тұрақты жүргізілуде. Аудан аумағына сырттан келген түлектер мен қонақтардың тізімдері жасалып, аудандық орталық аурухана мен әр ауылдағы медициналық нысан қызметкерлері тарапынан бақылауға алынды.

Луговой темір жол вокзалынан түскен азаматтар базасы жасақталып, тиісті шаралар жүргізіліп отыр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан ҚР Президентінің тапсырмаларына сай халыққа берілетін әлеуметтік көмек мәселелері бойынша жұмыстар үйлестірілуде.

Бүгінгі таңда халықты ақпараттандыру жұмысына ерекше көңіл бөлінуде,әкімдік тарапынан төтенше жағдай жарияланған күннен 29 ресми хабарлама, ресми парақшаларда 378 пост,видеоүндеулер мен ақпараттық роликтер, инфографикалар, аудандық газетте 30 мақала мен хабарлама, «Jambyl» арнасында 5 сюжет, ақпараттық сайттарда 7 материал жарияланды.

Ауданда коронавирус дертінің алдын алу бойынша штабтың жұмыс жоспарына сай нақты жұмыстар атқарылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.