Сарысу ауданы әкімінің 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы 

0 18

Құрметті сарысулықтар!

​Ел өміріндегі жақсылығы жарқын, мейірімі мол — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!
​Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап «ұлтаралық татулық» атты нәзік ұғымның сырына терең үңіліп, ел бірлігі мен берік ынтымағын нығайтуға баса назар аударды.
​Бүгінде қасиетті Сарысу ауданының да көпэтносты халқы-өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен өмір кешуде.
​Ал, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осындай бай мұрамыз өңір халқының тірлігіне-қайрат, өміріне-нәр берері сөзсіз.
​Қазіргі таңда ауданымызда 30 ұлттың өкілі тұрады.

​Олар өндірісте, білім мен денсаулық, мемлекеттік мекемелерде, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында жемісті еңбек етіп, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосуда.

Қымбатты көпшілік!

Ардақты ағайын!
Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр.
Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік мекемелерде қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Студенттер мен мектеп оқушылары уақытша желіде оқу тәртібімен білім алуда. Ойын-сауық мейрамханалар мен дәмханалар, спорт нысандары мен саябақтар және т.б. жеке секторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Ауданның меценат кәсіпкерлері, мәслихат депутаттары, ерікті жастар тарапынан аз қамтылған отбасы, жалғыз басты аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік себеттері таратылып, қамқорлық жасалуда.
Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет.
Осы тұста мен — елінің ертеңін терең ойлаған әрбір сарысулықты ауыз біршілік пен сабырлыққа шақырамын.
Мерекеміз берекеге ұлассын, құрметті бауырлар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.