Құланда бұқаралық спортты дамытуға қолдау көп

0 18

Құланда бұқаралық спортты дамытуға қолдау көп. Аудан орталығы  Құлан ауылдық округінің тапсырысымен бюджет қаражатына Құлан ауылының 2 жеріне ересектерге арналған «Стрит Воркаут» көшедегі тренажерлық кешен орнатылуда , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.
Бұл бағытта өңірде жоспарлы жұмыстар жетерлік. Қазіргі таңда ауданда 168 спорттық нысан бар.

Бұл жұмыспен мердігер » Asy stroi»ЖШС-і айналысуда.  Бүгін аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пен «Т.Рысқұлов-Адалдық алаңы» жобалық офисі мүшелері аталған кешеннің орнатылу жұмыстарымен танысты. ЖШС басшысы Н.Көктеубаевпен пікірлесіп,жұмыс барысы туралы нақты тапсырмалар берді.

Аталған нысан халық денсаулығын жақсарту, халықтың салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.Тұрғындардың жаппай спортпен шұғылдануы,бұқаралық спортты дамыту шаралары — басты назарда болатын басым бағыттың бірі.
Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар үнемі әкімдік назарында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.