Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы тағайындалды

0 51

 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісуімен ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы болып Ермек Мұхитұлы Алтынбеков тағайындалды,-деп хабарлайды «Zhambylnews»АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Алтынбеков 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ Гуманитарлық Заң университетін тәмамдаған. Шеффилд университетінде (Ұлыбритания) Мемлекеттік басқару магистрі бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері.

Еңбек жолын 2003 жылы бастады.

2003-2010 жылдары Орал қалалық прокуратурасының прокурор көмекшісі және БҚО прокуратурасында бөлім прокуроры, Орталық аумақтық көлік прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры және ҚР Бас прокуратурасының басқарма прокуроры қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ Заң департаментінің аға заңгері болып еңбек етті.

2016 жылдың шілде айынан ҚР ӘМ Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің сарапшысы, 2017 жылдың қазан айынан ҚР ӘМ Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің Ынтымақтастық басқармасының басшысы болған.

2018 жылдың қазан айынан бастап ҚР ӘМ Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.