Байзақ ауданындағы 43 елді мекенінің 34-і табиғи газбен қамтылды

0 0
Байзақ ауданындағы 43 елді мекенінің 34-і табиғи газбен қамтылды. Бұл туралы  бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Байзақ ауданының әкімі  Нұржан Молдиярұлы айтты,  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Сондай ақ 2019 жылы елді мекендерді газдандыру жұмыстарына 1 миллиард 343 миллион теңге бөлініп, 11 елді мекенге орта қысымды газ құбыры тартылған . Қалған ауылдарды газдандыруды 2020-2022 жылдары кезең-кезеңімен жүргізу үшін жоғарғы тұрған бюджеттен қажетті қаржы 2,2 млрд. теңге қарастырылып отыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.