Жамбыл облысында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды

0 3

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай білім басқармасының Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бағдарлама аясында орталық түлектері қатысушыларды ертегілер әлеміне саяхат жасатып, концерттік бағдарлама ұсынды. Концерттік бағдарлама спорттық көңілді эстафетаға, «Бутон розы» атты қыз балаларға арналған байқауға ұласты.
Бұл күні балалар сыйлықтар алудан да шет қалған жоқ. Балалар интеллектуалды, танымдық ойындарға қатысып, жеңімпаздарға музыкалық жабдықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.