Облыста жыл соңына дейін 53 көпқабатты үй пайдалануға беріледі

0 0

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 615,5 шм тұрғын үй пайдалануға берілетін болады, оның ішінде 2966 пәтерлі 53 көпқабатты үй (740 пәтерлі 19 арендалық, 1520 пәтерлі 22 кредиттік, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 706 пәтерлі 12 үй), — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

— Бұған қоса, баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлі 4 жатақхана пайдалануға берілді. Ал, асармен барлық аудандарда 100-ден аса үй салынғалы отыр.  Құрылыс барысында облыстағы 13 түрлі құрылыс материалдарын өндіретін 112 кәсіпорын өнімі қолданылуда, — дейді облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

«Қарапайым заттар экономикасы» аясында 68,8 млрд. теңгеге 123 жоба несиелендірілді (Казфосфат» ЖШС-40 млрд. тг; «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС-18,7 млрд.тг; «АЛЕЛЬ АГРО» – 4,3 млрд.тг).

Сонымен қатар, 60 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 21,2%-ға өсті. Өсімге дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мемлекеттік бағдарламалармен қосымша бөлінген қаржының нәтижесінде қол жеткізілді. Облыста 1335 жобада құрылыс, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде, 250,7 мың шм тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артты.

Ағымдағы жылы 1346,2 шқ. облыс жолдарын жөндеуге 30,2 млрд.теңге, 556 шқ. республикалық маңыздағы жолдарға 65,3 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде жұмыспен қамтудың жол картасы негізінде 741 шқ.

Әлеуметтік көрсеткіштерге келсек, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар 3,8 есеге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 1264 адамға, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 1800 адамға кеміді.

Сондай-ақ, 21 мың жаңа жұмыс орны ашылды (жоспар — 16,1 мың), 9,6 мыңы тұрақты, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 20 мыңнан аса адам қамтылып, 17,3 мың адам жұмысқа орналасты.

Оның ішінде 2966 пәтерлі 53 көпқабатты үй де бар. Бұған қоса, баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлі 4 жатақхана пайдалануға берілді. Ал асармен барлық аудандарда 100-ден аса үй салынғалы отыр. Құрылыс барысында облыстағы 13 түрлі құрылыс материалдарын өндіретін 112 кәсіпорын өнімі қолданылуда, — деді Гүлдана Жауынбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.