Тараздағы қоғамдық көліктерге тамыздан бастап электронды билет енгізілмек

0
248

Тараз қаласындағы автобустарға 1 тамыздан бастап электронды билет енгізіледі. Автобустардың салондарына электрондық жол жүру картасы арқылы төлем жасауға арналған валидаторлар мен терминалдар орнатылатын болады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Электрондық картасы бар жолаушылар үшін жолақысы – 65 теңге, мектеп оқушылары (1-11 сынып) 30 теңге төлейтін болады.

Ал, электрондық картасы жоқ азаматтарға жолақысы 130 теңге, мектеп оқушылары үшін (1-11 сынып) 65 (алпыс бес) теңге болып бекітіледі.

«SAPARCARD» электрондық жол жүру төлем карталарын 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап қаладағы бірнеше нүктеден 500 теңгеден сатып алуға болады.

Айта кету керек, карталардың жарамдылық мерзімі шектелмеген. Сондай-ақ, оқушылар үшін аты-жөні, ЖСН, фотосуреті бар персоналды карталар дайындалады.

«SAPARCARD» мына мекен-жайлардағы сауда орындарынан сатып алуға және толтыруға болады:

— SAPARCARD қызмет көрсету орталығы – Жайлау (3) ықшам ауданы, №21 үй, 1-қабат, Сейфуллин көшесі жағынан;
— Сәтпаев көшесі мен Жамбыл даңғылы қиылысындағы «Тәтті себет» супермаркеті;
— Мамбет батыр көшесі «Бек» және «Ауыл Береке» базарларының аялдамасында;
— Мыңбұлақ (9) ықшам ауданы, 26 үйдің жанындағы Жібек жолы аялдамасы;
— Б. Момышұлы көшесі «Самал» аялдамасы;
— Байзақ батыр көшесінің бойындағы айналым, «Темір жол» диспетчерлік пункті;
— Б. Момышұлы көшесі «Қайкермет» базарының аялдамасынан
— Рахымов көшесінің бойындағы «№1 қалалық аурухана» аялдамасынан
— «Қаратау» (2) ықшам ауданы, «Сауда орталығы» аялдамасы, «Тәтті себет» дүкенінен
— Б. Момышұлы көшесі, «Жансая» аялдамасы, «Тәтті себет» дүкенінен
— Тәуке хан көшесі, «Small» супермаркетінен
— Абай даңғылы, темір жол өткелінің арғы жағы «Тәтті себет» дүкенінен
— «Алатау» (8) ықшам ауданы, «Фиркан» дүкенінен
— Сейфуллин көшесі «Сейфуллин» аялдамасынан
— Қазыбек би көшесі «Глобус» аялдамасынан
— А. Асқаров көшесі «Ауруханалар кешені» аялдамасынан
— Қ. Қойгелді көшесі «Салық комитеті» аялдамасынан ала аласыздар.

Толық ақпарат saparcard.kz веб-сайтына орналастырылған. Сонымен қатар, туындаған қосымша сұрақтар бойынша 8 (7262) 34-33-44, 8 771 734 33 44 телефондары арқылы жауап алуға болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here