Биыл аймақтағы құрылыс кәсіпорындарында өнім көлемі ұлғайған

0 0

Коронавирус індетіне қарамай Жамбыл облысындағы құрылыс кәсіпорындары өнім көлемін арттыруда. Бүгінгі күні карантинге байланысты шектеу шараларына қарамастан құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындардың резервтері мен мүмкіндіктері артқан. Бұл туралы облыс әкімінің кезекті сапарында белгілі болды,-деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Тараз қаласында карантин жарияланғанына қарамастан темір бетон бұйымдарын шығаратын «Гимарат Темір Бетон» ЖШС-нің өндірістік цехтарында, «Бином» компаниясының ірі панельді құрылыс комбинатында, сондай-ақ гипс шығаратын зауыттарда жұмыс қызу жүріп жатыр. Мәселен «Гимарат Темір Бетон» ксіпорнында құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында қажетті бетон плиталар, науалар, бағандар, басқа да бұйымдар дайындалады.

Кәсіпорын директоры Қалдарбек Сматовтың айтуынша, шығарылған бұйымдарын өткізуде ешқандай кедергі жоқ. Өнім цехтардан тұтынушыларға тікелей жөнелтіледі.
— Зауытта 150 адам еңбек етеді,олардың еңбекақысы — 90-100 мың теңгеге құрайды. Мұқтаждарға материалдық көмек көрсетіліп тұрады, — дейді ол.

— Басты міндет – өндіріс қуатын арттыру, шығарылатын өнім көлемін еселеу. Ірі кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатпау керек, бірақ барлық санитарлық шараларды сақтауға аса көңіл бөлген абзал. Ал тасымалдауға қатысты мәселелер шешіледі. Құрылысқа қажетті материалдар тасымалы, осы саланың мамандары үшін біз «жасыл дәлізді» қамтамасыз ететін боламыз, — деді облыс әкімі.

«Бином» ЖШС – Жамбыл облысының ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Меншікті көпфункционалды жаңғыртылған база, құрылыс техникасы мен автокөлік паркінің болуы, құрылыс бетоны, шыны пластиктің, ағаш және металл конструкцияларының өндірістері кәсіпорынға Қазақстанның оңтүстік аймағының кез келген нүктесіндегі жаңа құрылысты оң жолға қоюға мүмкіндік береді.

— Біздің үй құрылысы комбинатының жылдық қуаты 30 мың шаршы метрді құрайды. 2019 жылы Тараз қаласындағы 15 шағын аудандағы екі тұрғын үй, Қарасу массивінде 4 жатақхана, 9 шағын ауданда тұрғын үй және Сүлейменов көшесінде бір үй пайдалануға бердік. Қазіргі уақытта «Бином» ЖШС бес жобаны жүзеге асыруда. Соның бірі ретінде 9 қабатты ірі панельді тұрғын үйдің құрылысы жүргізіп жатқанымызды айтуға болады. Сондай-ақ, 2020 жылы мемлекет есебінен 60 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланған, — деді кәсіпорынның бас директоры Серік Олжабеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.