Журналист Олжас Сайлаубекұлы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Олжас Сайлаубекұлы 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін Журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы жергілікті «Қазақстан-Семей» телеарнасында тілші-жүргізуші болып бастады.
2011-2015 жж. «КТК» телеарнасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі қызметін атқарды.
2015 ж. «Еуразия бірінші арнасының» тілшісі қызметіне ауысып, 2016-2017 жж. «Пендеміз ғой» ток-шоуын жүргізді.
2017-2020 жж. «Еуразия бірінші арнасының» арнайы тілшісі қызметін атқарды. Президенттік пул журналисі міндетін атқарды.